Қарағанды облысында ломбард тоналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында ломбард тоналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілде күні Теміртау қаласындағы ломбардтардың біріне белгісіз біреулер күндізгі уақытта пышақ пен қаруға ұқсас құралмен күзетшіні қорқытып, сөренің шынысын сындырып, қымбат бағалы әшекей бұйымдарды ұрлап, қашып кеткен. Қарақшылық шабуылды ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды.
"Қысқа мерзімде қарақшылардың негізгі түр-сипаттары анықталды. Бейнебақылау камераларына сүйене отырып, куәгерлердің көрсетпе анықтамалары да негізге алынды. Сөйтіп, 7 шілде күні Теміртау қаласының көшесінен қарақшылық шабуыл жасағандардың біреуі ұсталды. Қарақшылықты қаланың 30 жастағы жұмыссыз тұрғыны жасағаны белгілі болып отыр", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ұсталған азаматтан айғақ заттар табылды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды және сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.