Қарағанды облысында полицейдің жерге атқан оғы тайып барып адамға тиген

viewings icon 118 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Youtube.com © Youtube.com

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында атыс болды. Куәгерлердің айтуынша, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында атыс болды. Куәгерлердің айтуынша, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 24 сәуірде сағат 03.30 шамасында Қарқаралы қаласындағы "Тамаша" мейрамханасына жақын жерде болған. Оқиғаны куәгерлерлер видеоға түсіріп алды. Видеодағы кадрлардан ер адамның құрсақ қуысына алған оқтан кейін қимылдап жатқаны көрінеді. Оның қасына адамдар жақындап, алған жарақатын көрсетеді. Көп ұзамай куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем келеді.

Қарағанды облысының ІІД өкілдерінің мәліметінше, 24 сәуірде Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімінің жол-патрульдік полициясының взводы аралау барысында қаланың бес тұрғыны көлікте мас күйінде болып, қызметтік көлікті тоқтатып, полицейлерді балағаттаған. Олар полицейлерді мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігін алып қойды деп айыптады.

"Полицейлерге қатысты күш көрсетті. Полицейлердің бұзақылық көрсетуді тоқтату туралы бұйрығына ер адамдар мойынсұнбады. Құқыққа қайшы келетін әрекеттерге байланысты полицейлер табель қаруынан әуеге және жерге ескертпе оқ атты. Алдын ала мәлімет бойынша, жерге атылған оқ қатысушылар мен "төбелес бастаушылардың" біріне тайып барып тиген. Оқиға орнына келген қосымша ІІБ күштері күдіктілерді полиция бөліміне жеткізді", - деді баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Жараланған адам ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша, оқиға сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") тіркелді. Прокуратора қызметкерлері қаруды қолданудың негізін тексеріп жатыр. Сонымен қатар, Қарағанды облысының ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro