Бір апта бұрын іздеу жарияланған ер адам теміржолға жақын маңнан табылды. Сарыағаш-Астана бағытындағы пойызға отырған ол станциялардың біріне шылым тартуға шығады. Содан бері оны ешкім көрмеген. Туыстары әлеуметтік желілерде ол туралы ақпарат таратып, полицияға хабар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Туысының айтуынша, Жамбыл облысының 52 жастағы тұрғыны Шахар Әмірқожаев 17 ақпанда Астанаға дейін пойызға отырады. Ал 18 ақпанда ер адам темекі шегу үшін Сарышаған станциясына түсіп, сол күйі вагонына оралмаған.
Бүгін, 29 ақпанда Әмірқожаев 11 күн бұрын түсіп қалған станциядан ондаған шақырым қашықтықта өлі күйінде табылды. Ер адамның денесі теміржолға жақын маңда жатқан. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижесі арқылы ер адамның өлу себебі анықталады. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.