03 қыркүйек 2021 | 17:55

Қарағанды ​​облысында сотталушыға "Қазпошта" арқылы есірткі жіберілген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қарағанды облысы АК-159/18 мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға жасырын есірткі жіберу дерегін анықтады. Ішінде есірткі бар сәлемдеме "Қазпошта" арқылы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы АК-159/18 мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға жасырын есірткі жіберу дерегін анықтады. Ішінде есірткі бар сәлемдеме "Қазпошта" арқылы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есірткіні беру әрекетін колония қызметкерлері тамыздың соңында анықтаған. Гашиш пен азық-түлік салынған пакет сотталған педофилге арналған.

"ҚР ҚК-нің 124-бабы "Жас балаларды азғыру" бойынша жазасын өтеп жатқан сотталушыға арналған сәлемдемені тексеру кезінде АК-159/18 мекемесінің қызметкерлері, 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, жалпы салмағы 1,5 килограмға жуық ұсақ темекісі бар қапшықты тапты. Темекі пакетінде ерекше иісі бар жасыл қоспа күдік тудыруға себеп болды. Бұл пакет сараптамаға жіберілді, сараптама барысында қызметкерлердің күдіктері расталды. Зерттелген зат гашиш пен темекінің қоспасы болып шықты", - деді Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметіндегілер.

Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сәлемдемені жіберуші Майқұдық тұрғыны.

Сонымен қатар, "Қазпошта" АҚ жағдайға қатысты пікір білдірді. Компанияның баспасөз қызметі пошта бөлімшелеріндегі сәлемдемелерді операторлар ашылмаған ыдыста қабылдайтынын мәлім етті. Оператор әр затты қарап тексереді, бірақ әрбір қапты немесе затты ашпайды.

"Тексеру кезінде сәлемдемеден тыйым салынған заттар табылған жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, темекі өнімдері сотталғандарға алуға рұқсат етілген заттардың тізіміне енгізілген.

Бұл жағдайда сәлемдеме жіберуші тыйым салынған талаптарды бұзғаны үшін жауап береді. "Қазпочта" АҚ-та тұрғыннаң жеке куәландырылған құжат бар, онда ол сәлемдемеде тыйым салынған қосымшалар жоқ екенін растайды және ол қылмыстық мекемелерге тыйым салынған заттарды жіберуге тырысқаны үшін жауапкершілік барын біледі", - деді компания өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети