03 қыркүйек 2015 | 13:03

Қарағанды облысында таяуда тағайындалған аудан әкімі пара алды деген күдік пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осакаров ауданының әкімі Нұржан Әбілдин. © ekaraganda.kz Осакаров ауданының әкімі Нұржан Әбілдин. © ekaraganda.kz

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздерге ресми түрде айта алатын жалғыз нәрсе, ол расымен ұсталды. Осакаров ауданының әкімі Нұржан Әбілдин кеше, 2 қыркүйекте, түстен кейін ұсталды. Тергеу мүддесіне байланысты қалған мәліметті айта алмаймын", - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жемқорлықтың алдын алу және БАҚ-пен өзара әрекеттестік бөлімінің басшысы Дидар Смағұлов.

Ал Октябрь ауданының әкімдігіндегілер бұл дерекке қатысты ешқандай түсінік бермеді. Әкімдіктің қызметкерлері біріне-бірі сілтеді. Тек әкімнің қазіргі таңда орнында жоқ екенін айтты.

"Әкім жұмыста жоқ. Ұсталды ма, жоқ па білмейміз. Біз қазір ешқандай мәлімет бермейміз. Себебі білмейміз", - деді әкімдіктегі қабылдау бөліміндегілер.

Айта кетейік, Нұржан Әбілдин 2015 жылы 12 маусымда әкім болып тағайындалды. Шенеунік 1962 жылы Ақмола облысы Астрахан ауданы Жалтыр ауылында дүниеге келген, білімі жоғары. Алматының халық шаруашылығы институтын тәмамдаған, экономист. Еңбек жолын 1983 жылы Алматы автожөндеу өндірістік бірлестігінен бастаған, Әбілдин ол жерде ұсталық өндірістің шәкіртінен Комсомол комитетінің хатшысына дейінгі еңбек жолын жүріп өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети