Қарағанды облысында тыйымға қарамастан, кәсіпкерлікпен айналысқан шенеуніктер жазаланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қарағанды облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңнамалық тыйымға қарамастан, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғаларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңнамалық тыйымға қарамастан, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғаларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесі басшысының орынбасары мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген адам ретінде қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұза отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Оның атына тіркелген ЖК Теміртау Мәдениет сарайына "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жауыртаудағы кездесу" фестивалін өткізу бойынша 3,9 миллион теңге сомасына қызмет көрсеткен.

Осыған ұқсас факт Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманына қатысты анықталды.

Оның ЖК мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кең тұтынылатын азық-түлік емес тауарларды жеткізумен айналысқан.

Аталған тұлғалар Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ӘҚБтК-нің 154-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 408 380 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жылдың басынан бері әкімшілік құқықбұзушылық туралы 109 іс қозғап, 31,2 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Әкімшілік жауапкершілікке 100 жеке және 2 заңды тұлға тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.32  course down  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro