Қарағанды облысында ұрланған бала өлі табылды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында ұрланған бала өлі табылды

Қарағанды облысында ұрланған 3 жасар бала өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты туыстары растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында ұрланған 3 жасар бала өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты туыстары растады.

"Бізге полициядан қоңырау шалып, Максим өлі табылды деп хабарлады. Басқа ештеңе білмейміз. Қазір сол жерге бара жатырмыз", - деді баланың туысы.

Ауылдастардың айтуынша, баланың денесі ауылда, тұрғын үйлердің бірінің қасында табылған. Мұның алдында бұл жерлерді полиция қызметкерлері іздестіру иттерімен бірге тінтіген. Алайда, тексеру кезінде бала табылмаған. Оның денесін түнде әкелді деген болжам бар.

"Дәрігерлер денені тексеріп жатыр. Оны тұншықтырған сияқты. Бірақ нақты жауапты әрине, сарапшылар айтады", - дейді куәгерлер.

Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер жағдайдың мән-жайын кейін айтуға уәде берді.

Еске салсақ, мұның алдында Шет ауданының Бұрма ауылында үш жасар бала ұрланғаны мәлім болған. Оны анасының қолынан 23 жастағы ер адам жұлып алып кеткен. Қаскөй бұған дейін де сотты болған. Ұрланған баланың туған-туыстарының ақпаратына сәйкес, ер адам сәбидің анасын бопсалап, онымен қарым-қатынас жасауды талап еткен. Ал келісім алмаған соң, ол ұлын ұрлап кеткен. Аталған дерек бойынша облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылды. Соталды тергеу ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша жүргізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети