30 шілде 2016 16:24

Қарағанды облысында үш ер адам Халық банкіне қарақшылық шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kapital.kz © kapital.kz

Қарағанды облысында Халық банкін тонамақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағанды облысында Халық банкін тонамақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 29 шілдеде болған. Жергілікті үш тұрғын банктің филиалдарының біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Бетперде киген олар кіріп келіп, ақша талап еткен. Қолдарында қару болған, алайда банк кассирі дабылды басқан. Мұны білген тонаушылар ғимараттан атып шығып, көлігімен жасырынған. Оқиға орнына полицейлер келіп, банк қызметкері мен куәгерлерден түсінік алғаннан кейін олар қылмыскерлер қашқан көліктің маркасын анықтайды. 

Жедел-іздестіру шараларының барысында Қарқаралы ауданындағы ауылдардың бірінен полицейлер көлікті, кейін күдіктілердің өзін ұстады. "Күдіктілер мойындады. Бұл дерек соталды бірыңғай тергеу реестріне Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісінің міндетін атқарушы Батырхан Смайылов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети