22 желтоқсан 2017 | 14:07

Қарағанды облысында үш жасар немересін өлтірген 39 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында үш жасар немересін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында үш жасар немересін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс Шет аудандық сотында Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаевтың төрағалығымен өтті.

"Сот 1978 жылғы ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 3,5,14-тармақтары бойынша айыпты деп танып, оны 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ер адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесі орнының барынша қауіпсіз мекемесінде өтейді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, сот ер адамды маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу туралы үкім шығады. Сонымен қоса, сот одан сараптамаларға кеткен 2 миллион теңгеден аса ақшаны өндіріп алды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, осыған Қарағанды облысында атасының 3 жасар немересін пышақтап өлтіргені хабарланған еді. Оқиға Шет ауданындағы Ақадыр ауылында болған. Ал кейінірек ер адамның полицияға өзі келіп берілгені айтылды. "Өлтірілген үш жасар баланың атасы өз келіп берілді. Ол ұсталды", - деп хабарлаған еді Қарағанды облыстық прокуратураның екінші басқармасының прокуроры Нұрлан Шолдақов.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети