22 маусым 2015 | 10:52

Қарағанды облысында зорлап өлтірілген полицейдің ісі: Қылмыс ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazpravda.kz © kazpravda.kz

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында өлтірілген полицейге қатысты қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында өлтірілген полицейге қатысты қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәтбаев қаласының бұл қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған 30 жастағы тұрғыны екеуара келіспеушіліктің салдарынан жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, адамның өліміне себеп болатын дене жарақаттарын келтіргені туралы мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

"ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлерімен қоғамдық дүрбелең тудырған аса ауыр қылмыс ашылды. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында болған жол патрульдік-полиция батальоны қызметкерінің өліміне себеп болған қылмысты жедел түрде ашу мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ҚР ІІМ және Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар деген күдіктінің тұлғасын анықтап, ұстады", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында зорланған полицей денесінің табылғаны хабарланған болатын. Облыстық ішкі істер органдарының мамандары 46 жастағы жол-патруль полициясы қызметкерінің мәйітін Сәтпаев қаласындағы пәтерінен тапқан. Оның денесінде зорлау белгілері болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети