Қарағанды ​​облысындағы арнайы операция: қылмыстық топ ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Қарағанды ​​облысында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аса тәжірибелі қызметкерлерден арнайы құрылған жедел тергеу тобы төрт ай бойы қылмыстық топ жұмысын бақылаған. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, ұсталғандар Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары. Олар 2021 жылдың мамырынан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан.

Ұсталғандардың айтуынша, есірткіні сату Telegram әлеуметтік желісіндегі интернет-дүкен арқылы жүргізілген. Топтың қызметі жақсы ұйымдастырылған. Топтың 10 мүшесі арасында ұйымдастырушы, буып-түйюші, оператор, дилер, есірткіні тығып жасырушы рольдері мен функциялары нақты бөлінген.

"Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту кезінде сатуға дайын 300 дозадан астам есірткі заты тәркіленді, сонымен қатар жалға алынған пәтерлердің бірінде шамамен 3 келі синтетикалық зат ("мефедрон" және "альфа-PVP"), есірткі заттарды орау үшін қолданылатын заттар (электрон таразы, zip қалташалар) тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 5-тармағы бойынша "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау" бойынша соталы тергеу басталған. Қылмыстық топтың мүшелері мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети