Қарағанды облысының экс-әкімі ұсталды - ақпарат көзі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкіліне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкіліне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің мәліметінше, бұрынғы шенеунікке қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдік келіп отыр. Оған мемлекеттік жер телімдерін заңсыз бөлді деген кінә артылған. Бауыржан Әбдішев 23 қыркүйек күні өз үйінде ұсталып, Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әбдішевтің жұмысы өңірдегі бизнес өкілдерінің көңілінен шықпаған болатын. Олар бұрынғы облыс әкімі тарапынан жер заңнамасы мәселелерінің бұзылуына қатысты жиі шағымданған еді. 

2014 жылдың маусым айында Бауыржан Әбдішев Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылды. Оның орнына Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалды. Әбдішев Қарағанды облысының әкімі қызметіне 2013 жылдың 29 қаңтарында тағайындалған еді. Оған дейін ол қоршаған орта вице-министрі болды. 2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың қыркүйегіне дейін Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарды. Ол сондай-ақ елдің түрлі аймақтарында кеден қызметінде жұмыс істеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer