72 жастағы ер адам 76 жастағы әйелі мен 60 жастағы электршіні "Макаров" тапаншасымен атып өлтіріп, кейін саяжайда өзін-өзі атып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
72 жастағы ер адам 76 жастағы әйелі мен 60 жастағы электршіні "Макаров" тапаншасымен атып өлтіріп, кейін саяжайда өзін-өзі атып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 18-нен 19 тамызға қараған түні Шахтинскіден 15 шақырым жерден "Цветущий сад" саяжайында болған.
Егде жастағы ерлі-зайыпты жазғы уақытта саяжайда тұрған, бірақ ер адам көбіне Қарағандыда жүрген. Көршілерінің айтуынша, ер адам саяжайға күнде келіп тұрған.
Алдын ала нұсқа бойынша, ер адам жұма күні үйіне келгенде үйінде жүрген 1957 жылғы электршіні көреді. Содан ол бастапқыда электршіге оқ атып, кейіннен 1940 жылғы әйеліне оқ атқан. Артынша далаға шығып өзін атып өлтірген.
"Сенбі күні таңертең электршіні іздей бастадым. Ол бізде мүлде ішпейтін, жұмыстан та кетіп қалуы мүмкін емес еді. Сағат 11-ге қарай күзетшіміз Цветочная көшесінен оның скутерін көріп қалады. Үйдің есігі ашық тұрған. Есік алдында "Жигули" тұрды. Күзетші айғайлап, үй иелерін шақырды. Егде жастағы адамдардың арасында не болғаны белгісіз. Ерлі-зайыптының екі үлкен баласы бар. Электршінің де балалары үлкен. 72 жастағы зейнеткердің "Макаров" тапаншасын қайдан алғаны белгісіз", - дейді "Цветущий сад" саяжай қоғамдастығының төрағасы Геннадий Овчинников.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, мұндай жағдайға қызғаныш себеп болған. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.