25 мамыр 2022 11:57

Қарағанды облысының тұрғыны үш кісі өлтіргені үшін өмір бойына сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: elements.envato.com Көрнекі сурет: elements.envato.com

Қарағандыда Шет ауданы Ақадыр ауылының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда Шет ауданы Ақадыр ауылының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Даулы іс қылмыстық істер жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушы басқа қылмысын жасыру үшін үш адамды өлтірген.

Іс материалдарына сәйкес, 11 тамызда ол әріптесінің гаражынан үрленетін резеңке қайық ұрлап кеткен. 12 тамызда әріптесінің әйелі оның ұрлағанына күдіктеніп, полицияға хабарласамын деп қорқытқан. Тергеу мәліметтерінше, сотталушы қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорқып, алдымен әріптесінің әйелін, содан кейін қызын, одан соң ұйықтап жатқан үй иесінің өзін өлтірген. Тергеу барысында үш жәбірленушіге пышақ жарақатын салғаны анықталды.

Прокурор соттан күдіктіні өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап сотталушыны заңның барлық қатаңдығы бойынша жазалауды сұрады.

Сотталушының адвокаты қылмыс құрамы жоқ болуына байланысты ұрлық дерегі бойынша оны ақтауды және ең аз жаза тағайындап, тек кісі өлтіргені үшін соттауды сұрады.

Сотталушы айып тағылған баптар бойынша кінәлі деп танылды. Оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу және өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде үкім шығарылды. Ол алғашқы 5 жылын толық қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізеді. Сондай-ақ, одан жәбірленушілердің пайдасына 15 миллион теңге көлемінде өтемақы өндірілді.

"Сотталушының кінәсі ішінара мойындауымен, куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Іс бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Үкім заңды күшіне енбеді", - деді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети