12 қараша 2014 | 15:08

Қарағанды тергеу изоляторынан қашып кеткендердің аты-жөні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Шабунин мен Сұлтан Лошкарев. Виктор Шабунин мен Сұлтан Лошкарев.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті тергеу изоляторынан 9 қараша күні қашып кеткен екі адамға республикалық іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті тергеу изоляторынан 9 қараша күні қашып кеткен екі адамға республикалық іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іздеу жарияланғандардың бірі - Лошкарев Сұлтан Дмитриевич, 1994 жылы туған, "Тонау" бабы бойынша сотталған, Қарағанды облысында туған. Белгілері: бойы - 175-180 сантиметр, денесі арық, шашы сары, қысқа шашты, көзі қоңыр. Сұр-жасыл түсті арнайы киім киген. 

Тергеу изоляторынан қашып кеткен екінші адам - Шабунин Виктор Андреевич, 1994 жылы туған, көлік ұрлағаны үшін сотталған. Ол да Қарағанды облысында туған. Белгілері: бойы - 170-175 сантиметр, денесі арық, шашы сары, қысқа шашты, көзі қоңыр. Көгілдір түсті арнайы киім киген. 

"Қандай да бір ақпарат болған кезде Қарағанды облыстық ішкі істер департаментіне 8 (7212) 42-90-25 және 42-90-26 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды өтінеміз", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Айта кетейік, тергеу изоляторынан қашып кеткендердің біріне әлі 1 жыл 8 ай отыру керек болған. Екіншісінің үш жыл алты ай уақыты бар.

Еске сала кетейік, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне қарасты АК 159/1 тергеу изоляторынан 9 қараша күні екі адам қашып кеткен еді. Тұтқындар қызметтік бөлмелердің бірінің терезесінің торын алып тастап, қашып кеткен. 10 қараша күні полиция қашып кеткен тұтқындарға өз еркімен оралуға жеті күн уақыт берілгенін хабарлады. "Егер олар изоляторға жеті тәулік ішінде өз еркімен келетін болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Бірақ ол үшін олар қашып жүрген уақытында басқа қылмыс жасамауы керек", - деп хабарлады түзеу мекемелері қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети