02 қараша 2017 | 16:23

Қарағанды тұрғыны 18 Өзбекстан азаматын құлдықта ұстаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rutwi.ru © rutwi.ru

Шетелдік азаматтардың еңбегін заңсыз түрде пайдаланған Қарағанды қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Alau.kz Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Шетелдік азаматтардың еңбегін заңсыз түрде пайдаланған Қарағанды қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Alau.kz Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

19 қазанда ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел шаралар өткізу барысында жеке кәсіпкердің ғимаратынан Өзбекстанның 18 азаматын ұстады. Полицейлер шетел азаматтарының осы жылдың сәуір айынан бастап заңсыз жұмыс істеп келгенін анықтады. 

"Ер адам оларды алдап және қорқытып диірменде жұмыс істеткен. Олар өздігінен елден кетіп қала алмаған, себебі күдікті олардың құжаттарын тартып алған және еңбегі үшін ақы төлемеген. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы ("Адам саудасы") бойынша жүріп жатыр. Осы бап бойынша айыпталушы бес жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді ведомстводағылар. 

Полицейлер өзбекстандық азаматтардың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын айтты, себебі олар адам саудасының құрбаны болған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети