Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде Қарағанды қаласының тұрғынынан бір келіден астам марихуана есірткі затын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2 сәуір күні Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары кезінде 39 жастағы ешқайда жұмыс істемейтін тұрғын ұсталды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталған азаматтың үйіне жүргізілген санкцияланған тексеріс барысында пәтерден бір келіден астам марихауана есірткі заты алынды. Азаматтың пәтерінен жарты келіден астам қара сора тұқымы алынды. Есірткі сатушыны есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері бұрыннан нысанаға алып, аңдумен болған, ол бұрын да бір келіден астам марихуана сатқан болатын.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.