Шыңғыс Амангелдінов. "31 арнаның" кадры
Қарағандыда әскери мектеп-интернатының 16 жасар курсанты 5-ші қабаттағы балконнан құлап кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 арнаға" сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Шыңғыс Амангелдиновтың достарымен бірге взвод командирінің үйінде қонаққа барған күні болған. Қонақ күту жиыны аяқталғаннан кейін ол балконға шыққан, ал арада қасқағым сәт өткенде достары Шыңғыстың асфальтте жатқанын көрген. Тергеу амалдары курсанттың суицидке баруы мүмкіндігін жорамалдап отыр. Алайда Шыңғыстың ата-анасы ол пікірмен келіспейтінін, кесірінше өздерінің ұлына саналы түрде қастандық жасалды деген болжам айтуда. "Баламның суицидке баруы мүмкін емес. Мен бұған сенбеймін. Бұл алдын ала ұйымдастырылса керек. Оны итеріп жіберген, болмаса секіруге мәжбүрлеген", - деді Шыңғыстың әкесі Аманбек Жасаров. Интернат аумағына курсанттың ата-анасын жібермей қойған. "Қылмыстың ізі суымай тұрып, тергеуді бастау керек. Баламның қасында болғандардың барлығынан сұрау алынуы керек. Балам неге ол күні казармада емес, командирдің пәтерінде болды, бізді неге интернат аумағына кіргізбейді", - деп Жасаров өз наразылығын білдірді. Шыңғыстың ата-анасы прокуратураға арызданды. Қорғаныс министрлігі болса бұл оқу орны өздеріне емес, Білім және ғылым министрлігіне қарайтындығын мәлімдеген. Қазір уақытта Шыңғыс жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың ішкі ағзасына зақым келіп, бел омыртқасы сынған.
Қарағандыда әскери мектеп-интернатының 16 жасар курсанты 5-ші қабаттағы балконнан құлап кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 арнаға" сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Шыңғыс Амангелдиновтың достарымен бірге взвод командирінің үйінде қонаққа барған күні болған. Қонақ күту жиыны аяқталғаннан кейін ол балконға шыққан, ал арада қасқағым сәт өткенде достары Шыңғыстың асфальтте жатқанын көрген. Тергеу амалдары курсанттың суицидке баруы мүмкіндігін жорамалдап отыр. Алайда Шыңғыстың ата-анасы ол пікірмен келіспейтінін, кесірінше өздерінің ұлына саналы түрде қастандық жасалды деген болжам айтуда. "Баламның суицидке баруы мүмкін емес. Мен бұған сенбеймін. Бұл алдын ала ұйымдастырылса керек. Оны итеріп жіберген, болмаса секіруге мәжбүрлеген", - деді Шыңғыстың әкесі Аманбек Жасаров.
Интернат аумағына курсанттың ата-анасын жібермей қойған. "Қылмыстың ізі суымай тұрып, тергеуді бастау керек. Баламның қасында болғандардың барлығынан сұрау алынуы керек. Балам неге ол күні казармада емес, командирдің пәтерінде болды, бізді неге интернат аумағына кіргізбейді", - деп Жасаров өз наразылығын білдірді. Шыңғыстың ата-анасы прокуратураға арызданды. Қорғаныс министрлігі болса бұл оқу орны өздеріне емес, Білім және ғылым министрлігіне қарайтындығын мәлімдеген.
Қазір уақытта Шыңғыс жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың ішкі ағзасына зақым келіп, бел омыртқасы сынған.