Қарағандыда 14 жасар қызға шабуыл жасаған 30 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда 14 жасар қызға шабуыл жасаған 30 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зардап шеккен қыз мектепке бара жатқанында белгісіз адам артқы жағынан келіп, шабуыл жасағанын айтқан. Ол оқушыны ұрып жасырынып қалған.
"Қарағанды қалалық ІІБ-ның орталық оқу мекемесіне орта мектептердің бірінің маңында белгісіз біреудің 14 жастағы оқушыға шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Орталық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы оқиға орнына жеткен. Жеке жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті Теміртау қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде оның тағы да үш әйелге шабуыл жасағаны анықталды. Ол Қарағандыға келіп, көшеде жалғыз жүрген әйелдерді аңдыған. Кейін ұрып, жасырынып қалған. Алайда зардап шеккен әйелдердің заттарын ұрламаған.
""Бұзақылық" бабы бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп қосты облыстың ІІД басшысының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!