Қарағанды облысында 5,5 миллион теңге жымқырған әйел бір жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында 5,5 миллион теңге жымқырған әйел бір жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сот мәліметінше, қылмыскер "Отан" орталығы жеке мекемесінің директоры бола тұра, материалдық пайда көру мақсатында алдау арқылы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып мемлекеттік сатып алу саласында үлкен мөлшерде бюджеттік ақшалай құралдарды ұрлаған", - деп хабарлады сот өкілдері.
Осылайша азаматша мемлекетке 5 507 645 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген. Сонымен қатар, айыпталушының барлық жеке еңбек шарттарына жалған қолтаңбаларды қойғаны анықталды.
Сот өкілдерінің айтуынша, бұл іс бойынша кінәсін мойындау туралы мәміле түріндегі іс жүргізу келісімі жасалды. Келісім шарттарына сәйкес, алаяқ сот талқылауында кінәсін толық мойындады және қылмыстық әрекеттерімен келтірген 5 507 645 теңге мөлшеріндегі материалдық зиянды толық көлемде өтеді.
"Сот үкімімен сотталушыға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалған жазаны шартты деп санап, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.