24 қаңтар 2023 15:07

Қарағандыда 88 миллион теңге жымқырған есепшілер сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 88 миллион теңге жымқырды деп айыпталған №1 гимназияның есепшілері сотталды. Қазыбек би аудандық сотында есепшілерге қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда 88 миллион теңге жымқырды деп айыпталған №1 гимназияның есепшілері сотталды. Қазыбек би аудандық сотында есепшілерге қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айыптау актісіне сәйкес, сотталушылар өзара келісіп бір жарым жыл ішінде өздерінің банктік карталарына және тағы бірнеше мектеп қызметкерлерінің карточкаларына қомақты жалақы, еңбек демалысы ақысын, денсаулығына байланысты жәрдемақыны аударып отырған.

Қылмысқа қатысушылар сотталушылардың заңсыз айла-амалдары туралы білмеген. Есепшілер көп жағдайда біреулердің банктік картасын заңсыз иемденген және ақша аударып, кейін ақшаның қателесіп жіберілгенін, қайтару керек екенін айтып отырған.

Сотталушылар осы схеманың көмегімен 2021 жылдың ақпанынан 2022 жылдың мамырына дейін барлығы 88 миллион теңге иемденген. Олар қылмысты жасау кезінде оқу орны директорының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланған, директор ұрлық туралы білмеген.

Соталды тергеп-тексеру барысында сотталушылар кінәсін мойындап, бюджетке 58 миллион теңге өтеді.

Тараптардың барлық дәлелдері мен қылмыстық іс материалдарын зерделей отырып, Қазыбек би аудандық соты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети