12 тамыз 2022 | 16:21

Қарағандыда адвокат пара беру үшін клиентінен ақша сұраған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қарағанды ​​облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алаяқтық жасап, пара беруге итермелегені үшін сотта жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алаяқтық жасап, пара беруге итермелегені үшін сотта жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушы клиентіне оның ұлын колониядан босатуға көмектесемін деп уәде берген. Ол жәбірленушіден судьяға береміз деген желеумен 1,5 миллион теңге сұраған. 48 жастағы адвокатқа қатысты қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, былтырғы қарашада сотталушыға баласын колониядан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға көмек сұраған клиент жүгінген.

Сотталушы клиентке Шахты қалалық сотында таныстары бар екенін айтып, оның мәселесін шешуге уәде берген. Адвокат әйелді ұлын шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесін оң шешу үшін судьяға 1,5 миллион теңге көлемінде пара беру керек екеніне сендіреді. Бұл ретте пара судьялардың қайсына екенін сотталушы нақтыламаған.

Сотталушыға сенген клиент алдымен судьяға пара беруге келіскен. Кейін өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жазбаша өтінішпен жүгінген.

Жауапкерге наурызда ақша аударылған. Жәбірленуші адвокатқа алдымен 1 миллион теңге, ал келесі күні тағы 500 мың теңге берген. Ұсталып қалудан қорқып, сотталушы 1,5 миллион теңгеге қызмет көрсетуге шарт жасасқан, бірақ іс жүзінде ол жәбірленушіден өз қызметі үшін 50 мың алған, ол туралы шарт жасалған.

Ақшаны аударғаннан кейін сотталушыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстады. Тінту кезінде олар оның кеңсесінде сол соманы тапқан.

Сотта адвокат өз кінәсін мойындамады. Ол клиентті пара беруге итермелемегенін, ақшаны судьяға аудару ниеті де жоқ екенін айтқан. Сотталушы өз жұмысын асыра бағалағанын айтты, бұл ретте ол клиентке судьяға ақша аударатынын айтқанын жасырмады.

Қылмыстық іс материалдары мен жиналған дәлелдемелерді зерделеп, сот сотталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық" және 28-бабы 4-бөлігі - 367-бабы 2-бөлігі "Пара беруге итермелеу" бойынша кінәлі деп таныды. Баптардың жиынтығы бойынша сот оны 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте, судья ретінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан айырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети