08 маусым 2021 | 16:58

Қарағандыда әкімнің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабековке сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсылық Шалабеков Жақсылық Шалабеков

Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты әкімнің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасеновке қатысты үкім шығарды. Сотталушылар Қарағанды қаласының оңтүстік-батыс ауданында екі көп қабатты үйдің құрылысына бөлінген 120 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырды және негізсіз жаратты деп айыпталған.

Сот айыптау баптарын қайта саралап, Жақсылық Шалабековты қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін, ал Ермек Қасеновты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот кәсіпкер Ермек Қасеновке 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

"Шалабеков пен Қасенов, сондай-ақ басқа да тұлғалар арасында 120 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру үшін алдын ала сөз байласу болғаны сот тергеуі барысында дәлелденбеді. Айыптау болжамдарға негізделген. Сондықтан сот айыптау баптарын қайта саралады", - деді судья Саян Аққожин.

Сот Жақсылық Шалабековтың құрылыс-монтаждау жұмыстары басталмағанына қарамастан, мердігерлік компаниямен қосымша келісімдер жасасып, 120 миллион теңге мөлшерінде ақша беріп, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғанын анықтады. Ал Ермек Қасенов құрылыс салушы компанияның басшысы ретінде, алаяқтық жолмен 50 миллион теңгеден аса ақшаны ұрлап кеткен.

"Шалабековке жаза тағайындау кезінде сот мемлекетке келтірілген залалды өтеу дерегін, сотталушының жасын (61 жас) және балаларының болуын ескерді. Кәсіби антты бұзған адамның қылмыс жасауы кінә мен жазаны ауырлататын мән-жай деп танылады. Қасеновке жаза тағайындау кезінде сот мемлекетке келтірілген залалды өтеуді, үш баласының болуын ескерді. Кінәні ауырлататын мән-жай анықталған жоқ", - деп толықтырды судья Саян Аққожин.

Айта кетейік, Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков 2020 жылғы қыркүйекте ұсталған болатын. Ол 2020 жылғы ақпанында әкімнің орынбасары болып тағайындалған. 2011 жылдан 2019 жылға дейін шенеунік қалалық құрылыс бөлімін басқарды. Әкім орынбасарының лауазымында Шалабеков жерді пайдалану, қала құрылысы, сәулет, тұрғын үй және жаңа әлеуметтік нысандар салу мәселелеріне жетекшілік еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети