"Алем" сауда орталығында зергерлік бұйымдарды тонап кеткен күдікті ұсталды, ол өз кінәсін толығымен мойындады. Полицейлер одан ұрланған 9 000 АҚШ доллары мен 6 келі алтын зергерлік бұйымдарды тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы жылдың наурыз айында зергерлік бұйымдарды ұрлағандардың бірі ұсталды, ол өз кінәсін толығымен мойындады. Біршама уақыт өткеннен соң ішкі істер органдарының қызметкерлері заттай айғақтарды тапты: ұры жұмсап үлгермеген 9 000 АҚШ доллары мен 6 келі алтын зергерлік бұйымдар", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Күзетші бұрындары полиция қызметінде жұмыс істеген және ұрлық болмай тұрып бір ай бұрын күзет фирмасына жұмысқа кірген. Сонымен қатар әйелі мен екі баласы бар екені анықталған.
Іс бойынша ұсталған күдіктінің жауаптары тексеріліп жатыр, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі бойынша ("Ұрлық, аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық") жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, оқиға 28 наурызда "Алем" сауда орталығында ұрылар есікті сындырып кірген. Бірінші болып күзетші мен бутиктердің иелері көрген. Белгісіз біреулер алтын бұйымдарды 12 бутиктен бірнеше сағат бойы тонаған. Интернетте осы оқиғаның видеосы тараған болатын, онда бетперде мен қолғап киген ұрылар алаңсыз өз ойларын іске асырған.
Зардап шегуші ретінде 12 адам тіркелген, жалпы шығын көлемі - 233 493 665 теңге.