Қарағандыда асыл тастарды өндірумен және өткізумен айналысқандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда асыл тастарды өндірумен және өткізумен айналысқандар ұсталды

Қарағанды облысында асыл тастарды өндірумен және өткізумен айналысқан күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында асыл тастарды өндірумен және өткізумен айналысқан күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Қарағанды облысы бойынша ҰҚКД-мен және "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп, Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері асыл тастарды өндірумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топты құрықтаған. Қарағанды және Павлодар облысының төрт тұрғыны асыл тастарды (аметист, мүкті ақық, зауза ақық, көгілдір ақық, варецит) заңсыз сатып алып, мәміле жасау кезінде Қарағандыдағы кеңседе ұсталған. Күдіктілер асыл тастардың бір келісін 500 АҚШ долларына бағалаған.

"Тастар заңсыз жолмен Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында далалық жерде өндірілгені анықталды. Қылмыстық кодекстің 334-бабының 3-бөлігі бойынша (Қылмыстық топ жасаған "жер қойнауын өз бетінше пайдалану") тіркелді, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Кеңседе және ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде жарты тоннадан аса (550 келі) асыл тастар, 27 мың АҚШ доллары, 3,5 миллионнан аса ресей рублі, 600 мың теңге, сондай-ақ тастарды өңдеуге арналған жабдық және атыс қаруының оқ-дәрілері алынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полицейлер Қарағанды қаласынан 130 шақырым қашықтықтағы иесіз даладағы карьерді анықтаған. Осы аумақтан Қарағанды қаласының бұрын ұсталған тұрғындарының үш көмекшісі анықталып, тағы 38 келі түрлі асыл тастар тәркіленген.

Қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети