Қарағандыда атыс салдарынан үш адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 11 мамырда болды.
Қарағандыда атыс салдарынан үш адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 11 мамырда болды.
23 жастағы полицей Самат Исқақов үйіне қайтып келе жатып көшеде адамдардың топтасып алып жанжалдасып жатқанын байқайды. "Менің үстімде форма бар еді. Жақындап келе жатқанымды көрген екі жігіт қашып кетті. Қолында қаруы бар олардың бірі бірнеше рет оқ атты", - деді полиция сержанты болған оқиғаны баяндай отырып. Оның айтуынша, осыдан кейін көшеде тағы екі жігіт қалған. Олардың біреуінде "Оса" травматикалық қаруы болды.
"Жараланған ер адам полицейдің басына қару тақап, одан араласпауын талап еткен. Самат қорғаныс шараларын пайдаланып, ер адамның қолынан қаруын түсірген. Тапанша жерге түсе салысымен ер адам қасында тұрған көлікке қарай жүгірген", - деді облыстық Ішкі істер департаментіндегілер.
Осыдан кейін сержант полицияға хабар берді. Ол бетіне оқ тиген 20 жастағы баланы полицейлер келгенше күзетіп тұрған. "Бірнеше уақыт өткен соң полицейлер "Оса" тапаншасынан оқ атқан 34 жастағы ер адам мен 39 жастағы оның досын ұстады. Олар қаладағы ауруханалардың бірінде ұсталды. Екі ер адам да жараланған", - деді полицейлер. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.