Қарағандыда банк алдында тұрғынды тонамақ болғандар видеоға түсіп қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қарағандыда қарақшылар 59 жастағы тұрғынды банк ғимараты алдында тонамақ болды. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда қарақшылар 59 жастағы тұрғынды банк ғимараты алдында тонамақ болды. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметі бойынша, тонау әрекеті 30 маусымда кешке болған. Жәбірленуші 59 жастағы ер адам компания менеджері болып жұмыс істейді. Ол көтерме сауда ұйымына жеткізілген өнім үшін 20 миллион теңгені алып, бірден банкке келген.

Кешкі сағат 16.30-да екі адам банк тұрағындағы көліктен түскен ер адамға шабуыл жасаған. Олар оның қолындағы ақша салынған қапшықты тартып алуға тысқан. Бірақ ер адам қарсылық танытады. Олар қапшықты жыртып ішнен түскен 500 мың теңге ақша бумасын алып, қашып кеткен. 

"Ер адам полицияға оқиғадан үш сағат өткен соң ғана жүгінді. Оның айтуынша, ол алдымен қалған ақшаны бас кеңсеге жеткізуді көздеген. Бұл уақыт ішінде күдіктілер қаладан кетіп үлгерді. Біз оларды Шығыс Қазақстан облысының аумағында анықтадық. Екі облыстың полицейлері бірлесіп жұмыс істеп, үш күдіктіні ұстадық", - деді Қарағанды қаласы ПБ бастығының орынбасары Шахназар Салин.

Күдіктілер Қарағанды қаласының 22-28 жас аралығындағы тұрғындары екені анықталды. Оқиға ҚР ҚК-нің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тергеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro