Қарағандыда 5 көлікті соғып, талқандаған ер адам екі айға тергеу абақтысына қамалды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Қарағандыда 5 көлікті соғып, талқандаған ер адам екі айға тергеу абақтысына қамалды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Күдіктілерді полицейлерден арашалап әкетпек болған екеудің бірі үш күнге, екіншісі бес күнге әкімшілік қамауға алынды.
Тәртіп сақшыларына барынша қарсылық көрсеткен адамның кім екені айтылмай отыр. Дегенмен бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, 49 жастағы азамат ұн өндірісі саласындағы ірі кәсіпкер екен. Жол апатын жасаған оны сотқа дейін қамауда ұстау туралы санкция шығарылды.
Көлікке мас күйінде отырған ер адам 20 қазанда жол апатын жасаған. Қатты жылдамдықпен аулалардың бірінде тұрған 5 көлікті бірден соққан. Салдарынан бір көлікте отырған екі адам зардап шекті. 25 жастағы жігіт жеңіл жарақат алса, 29 жастағы келіншек әлі ес-түссіз жатыр.