Қарағанды облысында бетперде кигендер мейрамханадан 46 миллион теңгені ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында бетперде кигендер мейрамханадан 46 миллион теңгені ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық ІІД мәліметінше, қылмыс 30 желтоқсанда болса да, бұл туралы қазір ғана белгілі болып отыр.
Қазіргі уақытта Қарағанды және Шахтинск қалаларының криминалдық полиция қызметкерлері қылмыстық істі ашу үшін арнайы операция жүргізіп жатыр. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша тіркеуге алынды.
ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, мұндай қылмысқа барғандарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.