09 ақпан 2016 | 12:50

Қарағандыда бірнеше әйелге ЖИТС жұқтырған такси жүргізушісі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық такси жүргізушісі бірнеше әйелге саналы түрде ЖИТС жұқтырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандылық такси жүргізушісі бірнеше әйелге саналы түрде ЖИТС жұқтырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облыстық Қазыбек би ауданының соты ЖИТС-ты жұқтырғанын біле тұра ҚР ҚК "Басқа адамды АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупiне көрiнеу душар ету" бабының 3-бөлігінде қарастырылған ауыр қылмысты жасаған қарағандылық 40 жастағы азаматқа қатысты үкім шығарды. Бұл ауыр қылмысы үшін, процессуалдық келісімге сәйкес, сот кінәлінің төрт жылға бас бостандығын шектеді, сонымен қатар жаза мерзімі бойында пробациялық бақылауға алынады",  - деп хабарлады сот өкілдері. 

Сот сотталушының өз кінәсін толықтай мойындап, моральдық және материалдық шығынын өтеуін және зардап шеккен тараптан арыздың жоқтығын ескерді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети