Қарағандыда дәрігерге шабуыл жасаған науқас қылмыстық жазадан құтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Қарағандыда Мақажанов атындағы облыстық медициналық орталықтың травматолог дәрігеріне шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ол қылмыстық жауапкершілік орнына әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда Мақажанов атындағы облыстық медициналық орталықтың травматолог дәрігеріне шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ол қылмыстық жауапкершілік орнына әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Науқасқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда тергеу органдары қылмыс құрамын анықтамаған. Нәтижесінде қылмыстық іс тоқтатылды.

Науқасқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін әкімшілік іс қозғалған. Оған дәрігердің денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірді деп айып тағылған. Материал Қарағандының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот қаулысы бойынша, науқас кінәлі деп танылып, сот оған 2 тәулікке қамау түрінде жаза қолданған.

"Сотта құқықбұзушы дене жарақатын салу дерегін мойындады, жасаған ісіне өкінді. Істі қарау барысында оның кінәсі істің жазбаша материалдары, оның ішінде бейнебақылау камерасындағы жазбамен дәлелденді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - деді Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды ​​қаласындағы ауруханада науқастың травматологқа шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Шабуыл медициналық мекемеде орнатылған бейнекамераларға түсіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro