Қарағандыда адамдар арасында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік және діни араздық туғызғаны үшін бұрынғы прокурор Уәли Әлиасқаров пен IT-маман Михаил Ткачев сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлиасқаров Уәли Сапарұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігі бойынша "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" айыпты деп танылып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ, қоғамдық қауымдастықтарда басқарушы қызметтермен айналысу құқығынан айырылсын", - деп оқыды үкімді Қазыбек би аудандық № 1 соттың судьясы Арғын Құтышев.
© Tengrinews.kz
28 жастағы IT-маманы, инженер Михаил Ткачев та бес жылға бас бостандығынан айырылды. Екі сотталушы да жазасын орта деңгейдегі қауіпісіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, екеуі де соттың бұл үкіміне шағымданбақшы.
Айта кетейік, 65 жастағы Уәли Әлиасқаров кеңестік кезеңде прокурор болып қызмет еткен.