Қарағандыда дүкендердің бірінің сатушысы сабын үшін соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда дүкендердің бірінің сатушысы сабын үшін соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зәмірбек Ділдәбеков Майқұдықтағы азық-түлік дүкендерінің бірінде сатушы болып жұмыс істейді. Ол жақында ғана операциядан шыққан екен. Белгісіз үш адамның шабуылы 21 сәуірде сағат 20.00-де болған. Басына бөтелкемен соққы тиген кезде ол кассадағы ақшаны санап тұрған екен. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, шабуылдың алдында сатушы мен тұтынушылардың бірінің арасында сабынға бола жағымсыз әңгіме болған. Клиент баласына сатып алған сабынды қайтаруға келеді. Әйел адам басқа сабынды алып қойғанын айтқан. Сатушы басында ауыстыруға келіседі, дегенмен оның қаптамасының жыртылғанын көріп, райынан қайтқан. Сол кезде әйел қазір күйеуінің келіп, сазайын беретінін айтып қорқытады.
"Бір сағат өтпестен дүкенге үш ер адам келіп, сатушыны ұра бастаған. Олар ер адамның басынан бөтелкемен ұрып, соққыға жыққан. Дүкен қанға боялды. Куәгерлер үш ер адамның өзін дөрекі ұстағанын айтты. Біз жедел жәрдем шақырдық. Дәрігерлер сатушыны Қарағандыға жан сақтау бөліміне алып кетті. Полиция шақырып, күдіктілердің фотороботын жасаттық", - деді жәбірленушінің туыстары.
Сонымен қатар, туыстары ер адамның жағдайы қазір жақсарғанын айтты. Дегенмен олар Зәмірбектің денсаулығы үшін алаңдайды.
Облыстық ІІД өкілдері шағымның қабылданғанын хабарлады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.