Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қарағандыда екі ер адам төбелесіп, бірі ауыр жарақат алды 27 қыркүйек 2022, 14:11

Қарағандыда түнгі клубқа келген екі адам арасында төбелес болды. Олардың бірі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Қарағандыда екі ер адам төбелесіп, бірі ауыр жарақат алды Қарағандыда екі ер адам төбелесіп, бірі ауыр жарақат алды

Қарағандыда түнгі клубқа келген екі адам арасында төбелес болды. Олардың бірі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамдар арасындағы жанжал 27 қыркүйекке қараған түні болған. Төбелес туралы Жедел басқару орталығына түнгі 01:00-ге таман хабарланды. Оқиға куәгерлері қаладағы түнгі клубтардың бірінде төбелес болғанын хабарлаған. Полиция дереу оқиға орнына жетіп, жанжалға қатысушыларды анықтады. Олар 23 және 27 жастағы қала тұрғындары болып шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

"Ер адамдар арасында кикілжің болғаны анықталды. Жанжал кезінде 23 жастағы тұрғын қарсыласын пышақпен жарақаттаған. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram