28 наурыз 2017 | 23:00

Қарағандыда екі жасар қызды өлтірген ата-ана туралы жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

иллюстрациялық сурет иллюстрациялық сурет

Қарағандыда үсіп қайтыс болған екі жасар бүлдіршінді ата-анасы өртеп жіберген оқиғаның жаңа мәліметтері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іс материалдары қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті. Тергеу барысында бүлдіршін қайтыс болардың алдында, оның ата-анасы баланың үстіне секірген. Осыдан кейін баланы көшеге тастап кеткен. Полицейлер қылмыс болғаннан кейін, ертесіне баланың мәйітін пештің ішінен тапқан. 

Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда 2 жасар қыздарын алдымен иен далаға тастап, кейін үсіп қайтыс болған соң пешке өртеп жіберген ата-ана тергеуге алынды. Қылмыс өткен жылдың 2 ақпанында болған. Ерлі-зайыптылар Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр ауылындағы қыстауға келген. Олармен бірге 7 жастағы баласы және 2 жасар қызы бірге келген. 

Құзырлы орындардың дерегінше, өгей әкесі бұрын адам өлтіріп, түрмеде отырып келген. Күдікке ілінген ананың кәмелет жасына толмаған тағы екі баласы бар екені анықталған. Осы оқиғадан соң олар қамқорлыққа алу органдарына жіберіліпті. Күдікті ата-ана енді ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-бабы, яғни "көрінеу кәмелеттік жасқа толмаған адамды өлтіру" бабымен қамауға алынған.

Ер адам әйелі мен екі баласын алып Қарағанды мен Үштөбе ауылының арасындағы ұзақ жолмен айдалада келе жатқан. Кішкентай қызы шаршап, жылай берген соң, оның әкесі өгей баласының үстіне екі аяғымен секіріп, сол жерде тастап кеткен. Осы жағдайды анасы бақылап отырған. Сол түні бүлдіршін аязда үсіп өлген. Келесі күні қыздың ата-анасы оны тастап кеткен жерге келіп, өлі жатқан қыздарының мәйітін тауып алған. Мойындарына жауапкершілікті алуға қорыққан олар үйлеріне келіп қыздарының мәйітін пешке жағып жіберген.

Осы іс бойынша басты сот отырысы сәуір айына белгіленген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети