Қарағандыда инкассаторларға шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда инкассаторларға шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды Видеодан алынған кадр

Полиция инкассаторларға шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция инкассаторларға шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

25 маусымда Қарағандыда коммерциялық фирманың ақшасын банкке апара жатқан инкассатор автокөлігіне шабуыл жасалды.

Шабуыл алдын ала жоспарланған. Қылмыскерлер қала көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасын ұйымдастырып, қарумен қорқыта отырып инкассаторлардан 70 миллион теңге алып қашқан.

Жедел-тергеу тобы автомобильге шабуыл жасағандарды және олардың орналасқан жерін анықтады. Қылмыскерлер әртүрлі бағытта жасырынуға тырысқан, сондықтан оларды ұстау бойынша арнайы операция бір уақытта Қазақстанның бірнеше қаласында өткізілді.

Күдіктілердің бірі автотрассада, қалғандары - барған жерінде ұсталды. Инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қарағанды облысының үш тұрғыны ұсталды.

Тінту барысында ұрланған қаражаттың бір бөлігі - 30 миллион теңге және газ тапанша тәркіленді. Қылмыстық топтың төртінші қатысушысына іздеу жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети