31 наурыз 2022 17:00

Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрация

Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында жалған ақпарат берді деген күдікпен 29 жастағы ер адам анықталып, ұсталған.

"Ол өз ісін мойындап, айғақ зат ретінде ұялы телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 31 наурызда сағат 9.00-де "102" телефонына Қарағандыдағы Мұқанов көшесіндегі ХҚКО ғимаратына "жарылғыш зат қойылған" деген ақпарат түскен. Ғимараттан 31 адам эвакуацияланды. Ғимаратты қарау барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес соталды тергеу басталған. Бап санкциясына сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram