31 наурыз 2022 15:19

"Бомба қойылғаны" туралы ақпарат Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда да тіркелді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдағы нысандарға "бомба қойылғаны" туралы жалған ақпарат шықты. Бұл туралы полиция хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдағы нысандарға "бомба қойылғаны" туралы жалған ақпарат шықты. Бұл туралы полиция хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан әуежайы, My car және Lexus автосалондары, сондай-ақ "Хан-Шатыр" және Mega Silk Way сауда орталықтарының электрон мекенжайына белгісіз біреулер жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы қоқан-лоқы жазылған хат жолдаған. Бұл туралы "102" арнасына қоңыраулар түсті", - делінген елордалық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір бұл нысандарды қаланың төтенше жағдайлар қызметі тексеріп жатыр. Адамдарды эвакуациялау жүргізілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичная Астана (@astana_typical)

Бұл ретте Қарағандыда сағат 9.00-де "102" телефонына Мұқанов көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы аноним хабарлама келіп түскен.

"Қарағанды облысы ПД жедел кезекшісі барлық шұғыл қызметтерді жіберді. ХҚКО ғимаратынан 31 адам эвакуацияланды. Оны тексеру кезінде жарылғыш зат табылған жоқ", - деді қарағандылық құқық қорғау органдары өкілдері.

Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Полиция қызметкерлері қоңырау шалушыны анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген хабар түскені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети