Қарағанды жер қатынастары басшысы Сабыржан Дәуітбергенов пара алды деп күдікке ілінді. Оны Қарағанды облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс орнында ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сабыржан Дәуітбергеновке ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы ("Пара алу") бойынша айып тағылды. Тергеу аяқталғанға дейін сот оны екі ай мерзімге қамауға алуға үкім шығарды", - деді облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері.
Әзірге осы оқиғаның нақты мән-жайы айтылмаған.