25 қаңтар 2022 18:04

Қарағандыда кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Қарағандыда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қарағандыда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

22 қаңтарда сағат 14.45-те полицияға Қарағандыдағы жеке үйлердің біріне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары бетперде таққан белгісіз екі адам сәлемдеме жеткіземін деген сылтауымен 46 жастағы кәсіпкердің үйіне кіргенін анықтады.

Жәбірленушінің айтуынша, қаскөйлер қолдарындағы қарумен аспанға екі рет оқ атып, одан бағалы заттарын беруді талап еткен. Жәбірленуші қарсылық көрсеткенде, қылмыскерлер оған пышақ жарақатын салған. 

Күдіктілер оқиға орнынан жалпы құны 2 340 000 теңге болатын алтын бұйымдар алып кеткен. Жүргізілген шаралар барысында құқық қорғау органдары 25 пен 40 жас аралығындағы үш күдіктіні ұстады.

"Олардың бірі жеке кәсіпкердің мекемесінде жұмыс істейтіні белгілі болды. Ол қасындағы сыбайластарына кәсіпкер туралы ақпарат беріп, қылмыс болған кезде сыртта көлікте күтіп отырған. Күдіктілердің тұрғын үйлеріне жүргізілген тінту барысында полиция қызметкерлері айғақ зат ретінде тапанша, алтын бұйымдардың жартысын тәркіледі", - деді Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети