06 сәуір 2020 | 16:33

Қарағандыда қоқыстан табылған сәбидің анасы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды қаласының 22 жастағы тұрғыны жаңа туған нәрсетесін өлтіруге әрекет істеді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды қаласының 22 жастағы тұрғыны жаңа туған нәрсетесін өлтіруге әрекет істеді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды полицейлері 3 сәуірде Майқұдықтағы қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы болуы мүмкін келіншекті анықтап, ұстады. Ол 22 жастағы қала тұрғыны.

"Полиция департаментінің басшылығы сәбидің анасы анықтау үшін криминалдық полиция мен жергілікті полицияның тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағытталды. 6 сәуірде облыстың криминалдық полиция, Қарағанды қаласының полиция басқармасы мен Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шаралар жүргізу нәтижесінде жаңа туған баланың анасы, 22 жастағы келіншекті тапты", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Полицейлер тергеу жүргізіп, жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Қазіргі уақытта нәресте облыстық перинаталдық орталықта жатыр. Баланың денсаулығы жақсы. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылған еді. Ол медициналық мекемеге жеткізілген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 513.05   541.44   4.69 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети