Қарағандыда кондуктор мен автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда кондуктор мен автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Қарағандыда кондуктор мен автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, кейін пышақпен қоғамдық көлік дөңгелектерін зақымдаған 23 жастағы қала тұрғынына сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда кондуктор мен автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, кейін пышақпен қоғамдық көлік дөңгелектерін зақымдаған 23 жастағы қала тұрғынына сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазыбек би аудандық соты автобус жүргізушісіне пышақ ала жүгірген қарағандылық азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен "Пышақ қолдануға оқталу арқылы бұзақылық жасады" деген айып тағылды.

Қылмыстық іс осы қыста болған. 23 жастағы жолаушы автобуста келе жатып, аяқ киімін сүрткен шүберекті еденге лақтырып жіберген. Кондуктор ер адамға ескерту жасағанымен, жолаушы кешірім сұраудың орнына оның бетінен ұрған.

Автобус жүргізушісі кондукторға көмектесемін дегенде оған жұдырығымен шабуыл жасаған. Артынша қалтасынан жиналмалы пышағын шығарып, жәбірленушілерді қорқытқан. Осыдан кейін ол көшеге шығып автобустың дөңгелектерін зақымдаған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Ол бас бостандығынан айырмауды және ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер сотталушыны кешіргенін, оған ешқандай талаптары жоғын айтты.

Іс бойынша жиналған барлық дәлелдеме мен материалды зерттеп, сонымен қатар, жәбірленушілердің пікірін ескерген сот, сотталушыны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жаза тағайындау кезінде сотталушының соттылығының жоқтығы, өкінуі де ескерілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети