Қарағандыда адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төрт адамнан жасақталған қылмыстық топты Қарағанды облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 сәуірде ұстаған. Алайда мән-жайы мен ұстау себептері тек қазір белгілі болды. Күдіктілерге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған.
"Ақпанда Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қыздарды жезөкшелікке тартып келген қылмыстық топ туралы мәлімет алады. 2 сәуірде осы қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталды. Оның құрамында төрт адам бар. Топтың басшысы 27 жастағы ер адам. Қазіргі уақытта бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Құқық қорғау қызметкерлері қылмыстық топ мүшелерін ұстау сәтін видеоға түсірген. Видеода бетперде киген адамдарың күдіктілерді ұстап, тінту шараларын жүргізіп жатқаны түсірілген.