Қарағандыда өрт сөндіру бөлімінің күзет бастығы әріптесін пышақтап өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда өрт сөндіру бөлімінің күзет бастығы әріптесін пышақтап өлтірді Тengrinews © мұрағатынан алынды

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімінің күзет бастығы әріптесін пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы оқиға күрежол бойындағы кафелердің бірінде болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімінің күзет бастығы әріптесін пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы оқиға күрежол бойындағы кафелердің бірінде болған.

Қарағанды-Қарқаралы тас жолы бойында орналасқан кафеде Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар "Өрт сөндіру және құтқару қызметі" ММ-нің №40-өрт сөндіру бөлімінің күзет бастығы сол бөлімшенің командиріне пышақ кезеп, оны бірнеше жерінен ауыр жаралаған. Қарқаралы аудандық "Жедел жәрдем қызметі" станциясы таратқан мәліметке қарағанда, 1986 жылы туған өрт сөндіру бөлімінің командирі жансақтау бөліміне жеткізілгенімен жарақаттың ауыр болуына байланысты көп ұзамай жан тапсырған.

"Жарақаттанған адам өте ауыр халде болды. Ол біз келгенше халықаралық маңызға ие күрежол бойында ұзақ жатып қалыпты", - деді "Жедел жәрдем қызметіндегілер". Полиция қызметкерлері әріптесін жарақаттаған 1979 жылы туған күзет бастығын қамауға алды. Ол өз кінәсін бірден мойындаған. Оның сөзіне қарағанда, әріптесіне қол жұмсауына арадағы текетірес себеп болған.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети