10 қараша 2021 16:23

Қарағандыда педофил өгей қызын жарты жылдан аса уақыт зорлап келген

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда педофил жарты жылдан аса уақыт 15 жастағы өгей қызын зорлап келген. Ол 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда педофил жарты жылдан аса уақыт 15 жастағы өгей қызын зорлап келген. Ол 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Педофилге қатысты даулы іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот педофилдің кәмелетке толмаған баланы 2019 жылдың қаңтарынан тамызына дейін зорлағанын анықтады.

"Сотталушы түнде 2004 жылы туған, кәмелетке толмаған өгей қызының жатын бөлмесіне барып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Бұл жайт кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен расталды. Қарағанды облыстық соты оны 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Жақында педофил Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген. Облыстық соттың сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Сот заңда көзделген ең қатаң жазаны тағайындады. Сот алқасы үкімнің күшін жоятын не оны өзгертетін материалдық және іс жүргізу заңының нормаларын бұзушылықтарды қараған жоқ. Үкім заңды күшіне енді", - деп толықтырды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, биыл тамызда Қарағандыда тағы бір педофил туралы хабарланған болатын, ол бірнеше жыл бойы өгей қызын зорлаған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол 2017 жылдан бастап сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Педофил ішімдіктің әсерінен жыныстық зорлық-зомбылық жасап, баланы қорқытып, күш қолданған. Бұл қылмыс туралы 2019 жылдың қарашасында белгілі болып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети