Қарағандыда полицейлерді бопсалаған блогер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда полицейлерді бопсалаған блогер сотталды Фото:elements.envato.com

Қарағанды аудандық сотында полицейлерден ақша талап еткен 28 жастағы ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды аудандық сотында полицейлерден ақша талап еткен 28 жастағы ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс материалдарында ер адам өзінің серіктесімен бірге полиция қызметкерлерін видеоға түсіріп, олардың әрекеттерінен заңбұзушылық тапқысы келгені жазылған. Былтыр қазанда ол қала көшелерінің бірінде бағдаршамның қызыл сигналына тоқтамай, жүріп кеткен патрульдік көлікті түсіріп алған еді.

Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушы полиция патрульін ұстап алып, өзін блогер ретінде таныстырып, қорқыта бастаған. Үнсіздігі үшін ол 150 мың теңге сұраған. Параны алғаннан кейін ол сол күні ұсталды. Сотта 28 жастағы қарағандылық кінәсін мойындамады. Ол 2020 жылдан бастап блогер екенін және полиция қызметкерлерінің құқық бұзушылықтарын тіркеу үшін әдейі түсірілім жүргізгенін айтты.

"Қазыбек би аудандық соты ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотталушыларды кінәлі деп таныды. Сот блогерді 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Оның серіктесіне 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", -деп хабарлады Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети