14 қыркүйек 2022 14:59

Қарағандыда полиция қызметкері есірткі сақтағаны үшін сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы мефедрон сатып алуға көмектескені және есірткіні заңсыз сақтағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы мефедрон сатып алуға көмектескені және есірткіні заңсыз сақтағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, полиция аға лейтенанты есірткіні өзі пайдаланып, танысына мефедрон алуға көмектескен. Алайда ол есірткі сатумен айналыспаған.

Ол ұсталғанға дейін бақылауға алынған. Тінту кезінде полиция қызметкерінің үйінен мефедрон қалдықтары табылған.

Полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 296-бабы 3-бөлігі, сондай-ақ 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа жолданған.

Сотталушы өз кінәсін мойындамаған. Ол тек есірткі қолданғанын мойындады. Бұл сараптамалар қорытындысы бойынша дәлелденген. Ол айыппұл төлеуге қатысты жаза тағайындауды сұраған.

Қазыбек би аудандық соты полиция қызметкерін тағылған баптар бойынша кінәлі деп танып, 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды. Сондай-ақ, оған нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу тағайындалған. Ол "аға лейтенант" арнайы атағынан айырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети