17 сәуір 2015 | 11:25

Қарағандыда полицияның қатысуымен болған жол апатын ұйымдастырған ресейлік сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Tengrinews.kz @Tengrinews.kz

Теміртау соты Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасын ұйымдастырған ресейлік азаматқа үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, көлік апатының салдарынан полиция қызметкері қаза тапқан болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Теміртау соты Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасын ұйымдастырған ресейлік азаматқа үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, көлік апатының салдарынан полиция қызметкері қаза тапқан болатын.

Жол апаты Қарағанды облысында 2014 жылдың 31 желтоқсанында болды. Ресей азаматы Омар Осмаев алкогольдік ішімдік пен есірткі затын қолданған күйі айдап келе жатқан Porsche Cayenne көлігін басқара алмай қалған. Нәтижесінде оның көлігі патрульдік автокөлікке келіп соқты. Көлік ішінде болған инспектор Асылхан Ілиясов оқиға орнында қаза тапты.

Сот төрешісі Талғат Елеуов Қарағанды облысында ЖКО ұйымдастырған азаматты бір жылға бас бостандығынан айырды. "Сонымен қатар, сот айыпталушыны үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырады. Жазаны өтеу мерзімі 2014 жылдың 31 желтоқсанынан бастап есептелсін", - деді ол. Айыпталушы қаза болған адамның отбасына материалдық көмек беріп, ипотекалық қарызын өтегені үшін жеңіл жаза кесілді.

Еске сала кетейік, Қарағандыдағы жол-көлік оқиғасы 31 желтоқсан күні болды. Көлікке келіп соғылған қатты соққыдан бір полицей қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети