08 сәуір 2015 12:18

Қарағандыда пышақталған сәбидің іздеуде болған анасы өлі күйінде табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© drs.sr © drs.sr

Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері нәрестенің сұмдық өліміне қатысты қылмысты ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Қарағандыда ақпан айының соңында нәрестенің өлі денесі қоқыс контейнерінен табылған болатын.


Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері нәрестенің сұмдық өліміне қатысты қылмысты ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Қарағандыда ақпан айының соңында нәрестенің өлі денесі қоқыс контейнерінен табылған болатын.

Бұған дейін жаңа туған сәбиін өлтірді деген күдікпен оның анасы - Алматы облысының 1991 жылғы тұрғыны Назгүл Байбосыноваға мемлекетаралық іздеу жарияланған еді. Оның азаматтық некедегі жолдасы қайғылы оқиға болған кезде үйде болмаған, ал қайтып келгенде әйелін де, баланы да таппай қалған. "Әйел баласымен және азаматтық некедегі жолдасымен тұрған пәтерді тінту барысында генерал-майор, ІІД басшысы Мергенбай Жаппаровтың басқаруындағы ІІД шұғыл-іздестіру тобы әйелдің азаматтық некедегі күйеуінің ағасының қанға боялған киімін тапты. Сараптама қан іздерінің нәресте мен оның жоғалып кеткен анасыныкі екенін көрсетті", - деп хабарлады құқық қорғау органындағылар.

Алайда қайтыс болған нәрестенің әкесінің 1987 жылғы ағасынан жауап алу мүмкін болмады, себебі ол із-түссіз жоғалып кетті. ІІД басшысының бірінші орынбасары Ерлан Омарбековтың басшылығымен криминалдық полицияның шұғыл құзырлы басқармасы Алматы облысына аттанды, ол жерде ұзақ уақыт торуыл жұмыстары жүргізіліп, ер адамның достары мен туыстарының үйі бақыланды. Кеше, 7 сәуірде ол ұсталып, Қарағандыға жеткізілді.

Ер адам нәресте мен оның анасын өлтіргенін мойындады. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол 25 ақпанда 4 айлық қыз баламен пәтерде қалған. Қыздың анасы азық-түлік дүкеніне кетіпті. Баланың үнемі жылағаны оның ашуына тиген. Бесікке жақындап барған ол нәрестенің бірнеше жеріне пышақ салған. Үйіне қайтып оралған шешесі, бесіктегі өлген сәбиін көріп, шыңғыра бастаған. Ер адам оны да пышақтап, денесін сөмкеге салып, балконнан аулаға лақтырған. Ол төменге түсіп, сөмкені адам көрмейтін жерге апарып, мәйітті көмген.

"Алматы облысы тұрғынының сөмкеге салынған мәйіті табылды. Ол көмген жерін өзі көрсетті", - деп хабарлады құқық қорғау органындағылар. Жұмыссыз азаматқа қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол нәресте мен оның анасын өлтірді деп айыпталып отыр. Еске сала кетейік, төрт айлық қыз баланың пышақталған денесі 25 ақпанда Қарағанды облысының 30-ықшамауданындағы "Аян" сауда үйінің маңында қоқыс контейнерінен табылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети