28 маусым 2021 | 16:00

Қарағандыда саябақта жерленген арыстанның иесі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қарағанды полицейлері саябақта жерленген арыстан иесі кім екенін анықтады. Ол 45 жастағы қала тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды полицейлері саябақта жерленген арыстан иесі кім екенін анықтады. Ол 45 жастағы қала тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

45 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 316-бабы "Жануарларға қатыгез қарау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"25 маусымда Қарағандының Орталық саябағының аумағында жерленген жабайы аң - арыстан табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері аң иесін анықтады, ол 45 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Өлім себебін анықтау үшін арыстанның мәйіті сараптамаға берілді. Әзірге олар қорытынды айтқан жоқ. Сондай-ақ, арыстанның иесі жабайы жануарларды өсірумен және сатумен айналысқаны белгілі болды. Арыстан қандай жағдайда өлгені және иесі оны неге саябаққа жерлегені әзірге белгісіз. Оны полиция анықтайды. 

Еске салайық, Қарағанды саябағында жерленген арыстан табылғаны туралы ақпарат 25 маусымда пайда болды. Қарағанды облысының полицейлері бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және олар өлген жануардың иесін іздеп жатқанын хабарлаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети